СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жеңіл көлік жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жылу трассасын жөндеп жатқан лауазымды тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 631-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік материалдар жиналған.
Мекеме жұмыс өндірісінің талаптарын бұзып, жол апатына себеп болғаны үшін айыпталып отыр.
«Зардап шеккен көліктің иесі материалдық шығынын өтеу үшін азаматтық тәртіппен сотқа жүгіне алады» деп мәлім етті полиция.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.