«Заңсыз тауарды бүгін Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері анықтады. Шугаев көшесінде орналасқан дүкенде Қырғыз Республикасының акциздік таңбаларымен және акциздік таңбалары жоқ жалпы 1 180 қорап темекі өнімдерін сату үшін сақтағандығы анықтады. Сонымен қатар, осы дүкен қоймасынан 5 литрлік пластикалық бөтелкеде құрамында адкогольі бар сұйықтық табылды, жалпы көлемі 350 литрді құрайтын 70 пластикалық бөтелкеге құйылған», - делінген хабарламада.
Осы орайда, ведомство өкілдері аталған факті бойынша айыпты адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылатынын мәлім етті.