Пәтер кілтін тапсыру салтанатына қала әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.
«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін біз жаңа қоныс иелеріне баспана кілттерін тапсырдық. Оларды осы қуанышты күнмен шын жүректен құттықтаймын», - деді Бақытжан Байахметов.
Мереке күні 20 отбасы қоныс тойын тойлады. Жалпы биыл аталған бағдарлама аясында 40 пәтер салынған.
Үйлі болғандардың бірі – көпбалалы ана Үміт Қырғызова. Ол бірнеше жыл тұрғын үй кезегінде тұрған.
«Төрт балам бар. Бүгін бізге көп күткен жаңа пәтердің кілті табысталды. Қуанышымда шек жоқ», - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі таңда шаһар бойынша 12 200 адам тұрғын үй кезегінде тұр.