Семейде бесінші қабаттан құлаған 4 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семейде төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады.

Фото: Kazinform

Кеше Семей қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған қыз бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. 

Бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

Сондай-ақ бүгін таңертең Алматының Алмалы ауданында алты жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады.  

Түрлі жарақатымен қыз бала ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.