Ведомство мәліметінше, бұл шешім — бейнебақылау және видеоаналитикаға арналған әмбебап платформа, ол камерадан түсетін бейнеағынды өңдеп, жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып талдайды. Жүйе іске қосылғаннан бері оның мүмкіндіктері іздеуде жүрген тұлғаларды анықтауға көмектескен жағдайлар тіркелді.
— Қазіргі таңда Семейде қоғамдық орындарда және жеке ойын-сауық мекемелерінде 80 камера орнатылған. Жобаны дамыту жұмыстары жалғасуда: болашақта камералар желісін кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр, бұл тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және құқықбұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Биыл жылдың соңына дейін бұл жоба Аягөз ауданында орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Заманауи технологияларды қолдану құқықбұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Осыдан бұрын Абай облысында қызметтік иттердің көмегімен 28 қылмыс ашылғанын жазғанбыз.