Семейде бір аптада 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді
18:09, 20 Қаңтар 2009
СЕМЕЙ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ -Семейдің жол-патрульдік қызметінің адамдары өткен аптада орын алған жол-көлік оқиғаларының көңіл көншітпейтін статистикасын жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жол инспекторлары небәрі 7 күннің ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1,5 мыңнан астам фактін тіркеген. Рульге мас болып отырған 40 жүргізуші, жылдамдық режимінің талаптарын бұзған 250 жүргізуші ұсталды. Бір аптаның ішінде 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 23 адам зардап шеккен. 15 рет жаяу жүргіншіні қағып кеткен.