Семейде биыл 30 жаңа автобус сатып алынады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жыл соңына дейін 30 жаңа автобус сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл соңына дейін Семейдегі автопарктер жаңа автобустармен толығады.

«Қосымша 30 автобус сатып алып, шаһар бойынша қатынайтын қоғамдық көлік санын көбейту жоспарланған. Тасымалдаушылар келесі жылдың басында тағы жаңа автобустар алуға ниетті. Бұл шара маршруттық автобустардың қозғалыс жиілігін арттыруға және қаладағы қоғамдық көлікке қатысты мәселелерді ішінара шешуге мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Daewoo Bus Kazakhstan» атты автобустарды шығаратын зауытқа барды. Осы сапар барысында қалалық автопаркті толықтыру мәселесі талқыланды.