Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Салия Жұмабаева мәлімдеді.
«2022 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 57,8 млрд теңге болатын 4 716 пәтер салынбақ. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 417,1 мың шаршы метрді құрайды. Жыл соңына дейін 256 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ биыл мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұрғандар үшін Қарағайлы ықшам ауданынан 128 жалдамалы пәтер беріледі. Оның ішінде 32 көпбалалы отбасы, 71 әлеуметтік тұрғыда осал топтағылар, 25 жетім бала бар», - деді Салия Жұмабаева.
Бұдан бөлек, Семейде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 28 жер үй бой көтермек.