Семейде бір ай бұрын жоғалған апалы-інілі бауырлардың бірінің денесі табылды

Фото: Pixabay

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді. Бүгін біреуінің денесі табылды. 

Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

Фото: Polisia.kz

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.

Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.