Семей мен Көкшетауда бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттер сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Фото: Pixabay

«2023 жылғы 27 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты бірінші ауысымның 0-11сынып оқушылары мен колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады» делінген аймақтың білім беру басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ, қатты көктайғақ пен желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетуіне байланысты Көкшетауда бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.