ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 38 жастағы азамат өткен жылдың қазан айының 27-і күні Декаротивная көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Көп ұзамай полицияға оның әйелі хабарласты.
Жедел іздестіру шараларына тәртіп сақшылары мен волонтерлер жұмылдырылған. Алайда ер адамды табу мүмкін болмады.
«2022 жылдың 30 сәуірінде жоғалған азаматтың денесі Ертістен 500 метр қашықтықтағы «Бейбітшілік» аралынан табылды. Қазіргі уақытта полицейлер оның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 3 жасар бала құлап кеткенін хабарлаған едік.