СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды.
«Семей қаласын дамытудың кешенді жоспары іске асырылуда. Осы ретте Қайнар ауылын өркендету үшін арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Биыл осы ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Бір аптадан кейін Семей қаласы әкімдігінің жобасын егжей-тегжейлі талқылайтын боламыз», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Айта кетейік, биыл Семейді дамытуға 57 млрд теңгеге 42 шара жоспарланған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.