Семейде екі қабатты жиһаз цехы өртке оранды

АСТАНА. KAZINFORM – Семей қаласында екі қабатты жиһаз цехы өртенді.

Фото: ТЖМ

Абай облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді.

- Семей қаласындағы Водников көшесі бойында орналасқан екі қабатты жиһаз цехының бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып от екінші қабаттың төбесіне ауысты.

ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 шаршы метр өртті сөндірді, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысындағы Аягөз қаласы мен Мамырсу ауылы әлі жарықсыз отырғанын жазған болатынбыз.