Семейде ер адам көлік жөндеп жатып күйіп қалды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде көлік жөндеп жатқан ер адам күйіп қалды.

Жазатайым оқиға Семей өңіріндегі Бобровка ауылында болды. Жекеменшік үй ауласында жөндеу жұмыстары кезінде бензобакта бу-ауа қоспасы жарылып, ер адамның киімін өрт шалған.

39 жастағы қатты термикалық күйік алған ер адам түнде жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады ТЖ департаментінде.