«Қайғылы оқиға кеше күндізгі уақытта тіркелді. Көз жұмған адам 1979 жылы туған. Құлағы естімейтін мүмкіндігі шектеулі адам болғандықтан, ол пойыздың жақында келе жатқанын аңғармай қалған», - дейді Семей станциясының желілік ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Жанар Сапиева.
Оның айтуынша, жыл басынан Семей қаласында пойыздың қағып кетуі бойынша қайғылы 6 жағдай тіркелген. Оның бесеуі кісі өлімімен аяқталып, бір жағдайда ғана адам тірі қалған.