СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының еріктілері жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері «Біз біргеміз!» челленджіне қолдау білдірді. Қолға күрек ұстаған еріктілер жалғызбасты зейнеткерлердің қарын күреп берді.
«Осы акцияны Семей қаласының колледждері мен арнаулы білім беретін оқу орындарына жолдаймыз» - дейді студенттер.
Айта кетейік, 23 қаңтарда елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастаған болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.