Әкімдіктегілердің айтуынша, Семей тұрғындары бірнеше рет қалалық әкімшілікке шағымданып, автокөлік көпірінің жағдайына қанағаттанбайтындарын жеткізген.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының ұсынысымен нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындау туралы шешім қабылданды.
«Мердігер ұйымның мамандары көпірді техникалық тексерістен өткізеді. Нысанның құрылыс сараптамасы бойынша объекті уақытша жабылады», - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Айта кетсек, автокөлік көпіріндегі қозғалыс кешкі 21.00-ден таңғы 05.00-ге дейін жабылады.