ТЖД қызметкерлері (23 адам және 3 техника) бақылау қосындарында қалтқысыз қызмет атқаруда. Семей қаласы әкімінің жетекшілігімен ТЖ орнында штаб құрылды. Төтенше жағдайды жою үшін Семей ТЖБ 46 қызметкері мен 10 техника, ТКШ 4 адамы мен 4 техникасы, Семей қалалық ІІБ 5 қызметкері мен 2 техникасы, жергілікті атқару органдарының 3 өкілі тартылды.
Осыған дейін хабарланғандай, Семейде Ертіс өзенінің Семипалатинка саласындағы бөгеліс салдарынан Восточный кентінің кей учаскелерін су басқан еді.