Семейде ІІ Республикалық патриоттар форумы ашылады
08:14, 04 Маусым 2009
СЕМЕЙ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бүгін Семейде «Менің Қазақстаным» атты ІІ Республикалық патриоттар форумы ашылады.
Оның жұмысына саясаттанушылар, депутаттар, Парламент Мәжілісінің депутаттары,қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қалаға Қазақстанның барлық өңірінен делегациялар келіп отыр. Пленарлық мәжілісі Абай атындағы музыкалық-драмалық театрында ашылады. Форумның модераторы - Мәдениет және ақпарат вице-министрі Бағлан Майлыбаев. Форумға қатысушылар әдебиет және патриоттық тәрбие мәселелерін, мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, жастардың арасында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру мәселелерін талқылайды.