деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Мәселен, кеше, қаңтардың 29-ы күні сағат 17.30-да «Семей-Қайнар» автожолының 35-ші шақырымында «Ауди» және «Тойота» автокөліктері соқтығысып, оның салдарынан бірінші көліктің 20, 21 және 22 жастағы үш жолаушысы мен ткім екендігі анықталмаған тағы бір ер азамат оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің 26 жастағы жүргізушісі мен «Тойотаның» 44-тегі бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ осы күні Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Алматы-Ташкент» автожолының 338-ші шақырымында, түнгі сағат 02.00-де «Мерседес» және «MAN» автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасында бірінші көлік пен оның бір жолаушысы оқиға орнында жан тәсілім етті, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Сонымен бірге, осы аймақтағы «Тараз-Мырзатай» автожолына шыға берісінде «Мерседес» және «Ауди» көліктерінің қатысуымен болған апатта «Ауди» машинасының 25 жастағы жолаушысы мерт болды.