СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін Семейдегі Селевин-Титов көшелерінің қиылысында болған. «ВАЗ 2109» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты.
«ВАЗ 2109» көлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалған. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен азамат дәрігерлерге тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.