ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласында 315 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қар шығаруға 92 арнайы техника тартылған. Жеке сектордағы 30 көшеден 60 мың текше метр қар шығарылыпты.
«Осы бағыттағы жұмыстарға қалалық бюджеттегі қаражат жеткіліксіз. Облыс әкімдігі бізге мүмкіндігінше қолдау көрсетуде. Бұл орайда депутаттарды өздерінде бар техникаларды жұмылдырып, көшелердегі қарды шығаруға көмектесуге тартудамыз. Бұдан бөлек, кәсіп иелері де қалыс қалмайды деген үміттеміз», - деді қала әкімі Ермак Сәлімов мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.