Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейд барысында карантин режимін бұзған 77 адамға қатысты хаттама толтырылды. Оның ішінде 54 адам жаяу жүргінші болса, 23-і жүргізуші. Заңбұзушылыққа жол бергендердің көбісі жұп және тақ күндері далаға шығу ережесін сақтамаған.
«Төтенше жағдайды қасақана бұзғандарға заңға сәйкес шара қолданылады. Осы ретте тұрғындарды өзіңіздің және туған-туыстарыңыздың денсаулығын сақтау үшін карантин кезіндегі тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, полицияның талаптарын орындауларын сұраймыз. Бұның барлығы жұқпалы індеттің жайылуын бәсеңдету мақсатында жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.