58 жастағы ер адамның денесі Қарағайлы шағын ауданындағы құдықтардың бірінен табылған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, бірақ оқиғаның мән-жайын айтпады.
Мәйіттің көзге көрінетін дене жарақаттары болмаған және сараптамаға жіберілген.
«Газ анализатор көлігі құдықтың ішіндегіні тартып шығарған, оның түбінде мәйіт жатқан. Біздің құтқарушылар оны жердің бетіне алып шықты», - деді қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан.
Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Тексеру жүріп жатыр.