ТЖ қызметінен хабарлағандай, әйелдің құрсақ тұсына, мойынына көптеген пышақ жарақаттары салынған. Жәбірленуші бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде тұрған. Өрт сөндіруші қызметкерлер оны жатын бөлмедегі еденнің үстінде жатқан жерінен тапты.
Глинка көшесіндегі пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама өртке қарсы қызметтің орталық диспетчерлік пультіне сағат 21.02-де келіп түскен.