СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қатты соққан жел екіқабатты әкімшілік ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде 30 наурыз күні күні жылдамдығы секундына 12 метрге жететін жел соғып, Чекоман ауылындағы 1986 жылы салынған әкімшілік ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен.
«Аталған екіқабатты ғимаратта Қазпошта, кітапхана мен дәріхана орналасқан. Шатырдың жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардан құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.