Семейде Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Фото: Абай облысының әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM - ҚР Тәуелсіздік күні Семей тұрғындары ел тәуелсіздігі жолындағы істерге үлес қосқан батырларды еске алды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. 

Фото: Абай облысының әкімдігі

Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Осыдан кейін еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Фото: Абай облысының әкімдігі

-Қайрат Рысқұлбеков — желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналды – деп жазды әкімдік сайтында.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі