Шаһар әкімдігі «Семей қаласы бойынша халыққа қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасын таныстырды.
Аталмыш жобада бір тұрғынға шаққандағы тариф мөлшері қосылған құн салығынсыз ұсынылған. Құжат Instagram желісіндегі әкімдіктің ресми парақшасында жарияланды.
«Абаттандырылған жер үйде немесе пәтерде тұратын азамат үшін қоқыс шығару тарифі – 475,14 теңгені құрайды. Ал абаттандырылмаған үй тұрғыны – 553,22 теңге төлейді», - делінген жобада.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Семейде қоқыс шығару тарифі – 190 теңге.