СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көлік көпір қоршауына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 желтоқсанда сағат 00:34 шамасында шетелдік көлік жүргізушісі рульге ие болмай көпір қоршауына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ешкім жоқ. Бірақ материалдық шығын келтірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.