СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көлік жеке тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Семейде 12 сәуір күні түнгі сағат 02.00-де болды. Анықталғандай, ер адам ішімдік ішіп алып, көлік тізгіндеген.
«39 жастағы шаһар тұрғыны рульді басқара алмай қалып, Чайковский көшесіндегі жеке тұрғын үйге соғылған. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанды. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.