Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, «Volkswagen Vento» маркалы автокөлік жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 77 жастағы кейуананы қағып кеткен.
- Жедел жәрдем келгенге дейін жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болу қажеттігін ескертті.
Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл облысында шөп астынан 100 келі марихуана табылғаны хабарланған.