Семейде Конгресс холл салынады, құны — 15 млрд теңге

Фото: Абай облысының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласында Конгресс холл салуға 5,4 гектар жер учаскесі анықталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

— Бүгінгі таңда Семей қаласында театр ғимараты (сахнасы, көрермен залдары, гримерлік, репетициялық үй-жайлары) және материалдық техникалық базасы (сахналық жабдық, әлсіз жарықтандыру және дыбыс жүйесі, қосымша технологиялардың жетіспеушілігі) қазіргі замаңғы талаптарға сай келмейді. Театр ғимаратының мәселесін шешу мақсатында облыс әкімдігімен «Семей қаласында Конгресс холл салу» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалды. Конгресс холл салуға Семей қаласының Заря ауданында, ауданы 5,4 гектар жер учаскесі анықталды, — деп атап өтеді министріліктен агенттік сауалына орай.

Ведомствоның атап өтуінше, мемлекеттік сараптамадан өту — жер учаскелерін алу және рәсімдеу рәсімі аяқталғаннан кейін өткізіледі.

— Жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға жүктеудің жоспарланған мерзімі — 2025 жылғы 2 тоқсаны. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен алынған сомасы — 15 млрд теңге, — деп нақтылайды министрліктен.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында Семейде бір ғимаратта үш бірдей театр сығылысып отырғанын, аймақтарда театрларды салуға және дамытуға баса назар аудару керектігін айтқан еді