Семейдегі Қарағайлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы бұзылып, түсіп жатыр. Осыған орай қала әкімдігі тиісті шара қабылдауда.
«Аталған көшедегі 22-ші үй қасбетінің опырылуына байланысты шаһар әкімінің тапсырмасымен аккредиттелген арнайы ұйым ғимараттың техникалық жағдайын зерттеді. Соның нәтижелері бойынша сылақ қабаты материалдарының әркелкілігіне байланысты осындай жағдайдың болғаны анықталған. Сондай-ақ тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жобадан ауытқыған», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта опырылған сыртқы қаптаманы қалыпқа келтіру мәселесі шешілуде.