Семейде қосымша әуе рейстері ашылады

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде наурыз айының соңынан бастап қосымша әуе рейстері ашылады. Бұл туралы қалалық мәслихатттың кезекті сессиясында қала әкімі Ермак Сәлімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде тұрғындар арасында әуе рейсіне сұраныс артуда. Осыған орай, жаңа рейстер ашылады. Қазір Семей әуежайы «Qazaq Air» және «Южное небо» компанияларымен жұмыс жасайды. Енді бұл тізімге «SCAT» және «Сибирь» компаниясы қосылады. 31 наурыздан бастап Семейден тікелей Астана, Алматы, Мәскеуге ұшақпен қатынауға мүмкіндік бар.

«Біз әуежайда жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтадық. Осының арқасында қосымша әуе рейстерін ашу мүмкін болды»,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Оның сөзінше, таяуда Өскеменнің әуежайыда жөндеу жұмыстары басталып, уақытша жабылады. Сондықтан рейстерді Семей әуежайы жүзеге асыратын болады.

Соңғы жаңалықтар