5000 орындық «Абай Арена» спорт кешені Қарағайлының ең көрнекті ғимараты болады деген жоспар бар. Облыс әкімі Даниал Ахметов аталмыш нысанның құрылысымен танысып, бірқатар нұсқаулар берді. Шаһардағы екінші әуезді субұрқақ аталмыш кешеннің жанынан бой көтермек.
«Бұл бірегей кешен қаланың мәдени, спорттық тынысына жаңа леп қосады. Бір жылдан кейін бүкіл семейліктер бос уақытын өткізу үшін осында ағылатын болады» - деді Даниал Ахметов.
Кешен құрысына «Фирма «Азия» және «Сәт транс» ЖШС мердігер ретінде тартылған. Сәулеті ерекше нысанның жалпы ауданы 14000 шаршы метр болады деп күтілуде. Барлық стандарттарға сай болғандықтан, кез келген деңгейдегі халықаралық жарыстарды қабылдайтын болады.