Оқиға қала шетіндегі Восход кентінде болған. Сиырдың кәріз құдығына қалай түсіп кеткені белгісіз. Тұрғындар үй жануарын өздері шығара алмаған соң құтқарушыларды көмекке шақырған. Оқиға орнына №2 жасақтың 3 құтқарушысы келіп жеткен. Олар манипулятор арнайы техниканын көмегімен 30 минутта сиырды құдықтан аман алып шықты.
«Біз сиырды арқан жіппен байлап, соның көмегімен сыртқа тартып алып шықтық. Оқыс оқиғадан сиырға ешқандай зардап келген жоқ», - деді құтқарушылар.
Малдың иесінің айтуынша сиыр ауласында жайылып тұрған. Ол жабық тұрған құдықтың үстімен жүрген, ал кәріз қақпағы сиырдың салмағын көтермеген.