ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтарда Силикатный кентіндегі жер үйде өрт шыққан. Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер аттанды. Жалпы ауданы 7 шаршы метрге жеткен жалын қонақ бөлмедегі жеке заттар мен жиһазды шарпыған.
Тілсіз жауды ауыздықтау барысында №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ерлан Сейтенов, Дәурен Оралғазыұлы және Манат Кушеев 1960 жылғы тұрғынды құтқарды. Сондай-ақ үйден 27 литрлік 3 газ баллоны сыртқа шығарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.