ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Қостанай көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті.
«Жалын үй шатырының ағаш құрылымдары мен жанамалай салынған шаруашылық қора-жайды шарпыды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 2 газ баллонын шығарып үлгерген. Көп ұзамай өрт толықтай сөндірілді. Қызыл жалынның жалпы ауданы 35 шаршы метрді құраған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.