Әлеуметтік желіде Семейдегі «Мәңгілік алауды» аяқпен таптап, мемориалды қорлаған жасөспірімдердің видеосы тарады. 26 желтоқсанда Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі вандалдардың кім екендігі анықталғанын мәлім етті.
«Бұл дерек бірден орталық полиция басқармасының тіркеу кітабына енгізілген. Видеодағы адамдар анықталды, олар 14-15 жас аралығындағы 3 жасөспірім болып шықты. Ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, бұл құқық бұзушылық процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Осы бапқа сәйкес 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.