Семейде мемлекет мүлкін заңсыз иемденген әскери қызметкер сотталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде әскери бөлімнің  мүлкін  иемденiп, талан-таражға салғаны үшін әскери қызметші сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей гарнизоны әскери соты көшпелі сот отырысында әскери қызметшіге  қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, әскери қызметші лауазымды тұлға бола отырып, қызмет бабын пайдаланып, бірнеше рет өзіне сеніп тапсырылған мүлікті  иемденген. Осылайша,  жәбірленушіге 346 157 теңге материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар, ол  өзіне пайда келтіру мақсатында, ресми құжаттарға, яғни ведомоство, актілерге,  жүкқұжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізген.

Сот үкімімен әскери қызметші өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Және оған ҚР ҚК 189-бабы бойынша - 2 жыл, 369-бабы 1-бөлімі бойынша - 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлімі, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау негізінде нақты жаза ретінде 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, «капитан» әскери атағынан айырылды»,-деп мәлім етті Семей гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметінен.