Семейде мейрамхана маңында оқ атқан ер адам 5 тәулікке қамалды

АСТАНА. KAZINFORM — 23 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында мас күйінде болған ер адам сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан.

Фото: Видеодан скрин

Абай облысы ПД баспасөз қызметі полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізгенін мәлім етті. Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны — Никита Боронин болып шықты.

— Ер адамға қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, — дейді ведомство өкілдері.

Абай облысы Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бұған дейін Ақтауда барда оқ атқан ер адам 5 жылға сотталғанын жазған едік.