Семейде монша кешені отқа оранды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында монша кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 наурыз күні Семей қаласының Қаржаубайұлы көшесінде орналасқан екі қабатты монша кешені отқа оранды.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенде бу бөлмесі жанып жатқан. Жалын шарпыған моншадан екі адам құтқарылды. 15 шаршы метр аумақтағы өрт жедел сөндірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 25 құтқарушы және 8 техника жұмылдырылды.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және нысанды өрт сөндіруге қажет бүкіл құрал-сайманмен, автоматты дабылмен жабдықтау керектігін еске салады.
От тұтанған жағдайда 101 немесе 112 қызметіне хабарласу қажет.