10 ақпан кешкі сағат 19.00 шамасында Қаржаубайұлы көшесіндегі монша кешенінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Алдын ала болжам бойынша, жеке тұрған газгольдер үй-жайында газ ағып, жақын маңдағы қазандыққа тараған. Қызыл жалын жалпы 75 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт кезінде 2 ер адам зардап шеккен.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Тілсіз жаумен күреске барлығы 8 техника мен жеке құрамнан 27 адам жұмылдырылды.