Семейде мопед жүргізушісінің кесірінен жаппай көлік апаты болды

АСТАНА. KAZINFORM - Семейде мопед жүргізушісінің кесірінен көпір үстінде бірнеше көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Фото: Видеодан кадр

31 жастағы мопед жүргізушісі аспалы көпірмен сол жағалау бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, аударылып қалған. Мопедтің артында келе жатқан MAZDA көлік құралының жүргізушісі төңкерілген мотокөлік пен оның жүргізушісіне соқтығысудан қашып, бірден тежегішін басқан. Соның салдарынан одан кейінгі көліктер бір-біріне соқтығысады.

Осылайша 3 көлік бір-біріне соқтығысқан.

Үш адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында патрульдік полиция экипажы жұмыс істеді.