Семейде Наурыз мейрамы қарсаңында «Ең үздік киіз үйге» конкурс жариялады

None
СЕМЕЙ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей әкімдігі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына әзірлік аясында «Ең үздік киіз үй» конкурсын жариялады.

Ішкі саясат бөлімінің бастығы Айтқазы Салтабаевтың айтуынша, киіз үйлерді түрлі тақырыптарда безендіру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, Наурыз мейрамы, Барыс жылы, ата Заңымыздың 15 жылдығы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы сияқты тақырыптарды қамту шарты қойылып отыр.

«Конкурсқа қатысушылар киіз үйдің жабдықтарын, қазақ халқының қолөнер туындыларын жарқырата көрсете білулері, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды орындаулары керек. Тағы бір міндетті шарт - қала тұрғындарына Наурыз көже тарту ету. Конкурс аясында басқа да қайырымдылық шаралары, этнографиялық концерттік бағдарламалар өтеді»,- дейді Айтқазы Салтабаев,