Семейде неміс мәдениеті фестивалі өтті

None
СЕМЕЙ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында Семей қаласының Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында неміс мәдениеті фестивалі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кітапхана қызметкерлері жинастырған бай ақпарат фестивальға қатысушыларға неміс халқының мәдениеті мен дәстүрлері жайлы көптеген пайдалы білім берді.Кітапхана директорының орынбасары Бақыт Түсіпова неміс мәдениеті әлемдік өркениеттің дамуына орасан зор үлес қосқанын атап өтті. Гете, Шиллер, Брехт ? неміс ұлтының ғана емес, бүкіл адамзаттың мақтанышы. «Германиямен ынтымақтастық біз үшін құр сөз емес, - деді Б.Түсіпова. ? Еліміздің көптеген мәдениет мекемелері Гете атындағы институттың грантымен жұмыс жасауда, кітапханаларға Эберт қоғамдық қоры, Конрад Аденауэр қорының өкілдігі және басқалары көмектесуде. Біздің кездесуіміз ? қазақстан-герман қатынастарын дамытуға және нығайтуға қосылған тағы бір үлес». Кітапхана қызметкерлері неміс мәдениеті фестивалін «Германия туралы не білесің?» деген байқау түрінде өткізді. Жоғары оқу орындарының студенттері мен колледждер оқушылары қызықты ойындарға, осы елдің көрнекті орындары туралы сұрақ-жауап кешіне қатысты, сөзжұмбақтар шешті. Мерекеде Семейде 20 жылға таяу уақыттан бері жұмыс істейтін «Айнхайт» неміс ансамблінің көркемөнерпаздары концерт қойды.