«Білім басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың 26 қарашасы күні Семей қаласында көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына, сондай-ақ Жарма ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар үшін сабақ болмайды», - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, Семей қаласында көктайғаққа байланысты 24 қараша күні екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары оқыған жоқ.
«Қазгидромет» РМК-ның ШҚО бойынша филиалы 24-25 қараша күндері өңірде жауын жауып, көктайғақ болатынын, жекелеген аумақтарда бұрқасын мен тұман күтілетінін хабарлаған еді. Желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста бірнеше күннен бері автожолдар жабылуда.