Бұл туралы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінен хабарланды.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының білім беру және ғылыми ұйымдастыру іс-шаралар жоспар-кестесіне сәйкес өтуде.
Семинар-тренинг жұмысы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Мақтағали Бектемесов сөз сөйледі.
Аталмыш кеңеске Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының этносаралық қатынастар мәселесімен айналысушы мемлекеттік қызметкерлер, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, этномәдени, жастар және басқа да қоғамдық бірлестік жетекшілері, конфессиялардың, ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының, ЖОО өкілдері қатысуда.
Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында берген жаңа міндеттері аясында этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында этномәдени орталықтар өзара тәжірибе алмасып, қоғамдық келісім және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған міндеттер мен қажетті шаралар қарастырылады.