«Семей қаласы әкімдігінің өтініші бойынша мультфильм кейіпкерлері түріндегі шағын сәулет нысандарын Астана әкімдігі қаламыздың балансына ұсынды. Мүсіндерді сатып алуға бюджеттен ақша бөлінбеді. Сыйға тартылған ескерткіштің жалпы саны - 36, оның 14-і қалада жаңа жыл қарсаңында орнатылды» деп мәлім етті әкімдік.
Жаңажылдық мүсіндер - «Пони» 3 фигура, «Смурфтар» 2 фигура, «Панда және Жолбарыс» 2 фигура, «Винни пух және Есек» 2 фигура, «Смешарики» 2 фигура, «балық» 2 фигура.
Этностильдегі 22 фигура Наурыз мерекесі қарсаңында қала ішіне орнатылады.
Фото: t.me/semeyakimdigi