Семейде өртенген орман алқабын «Жасыл ел» сарбаздары көгалдандыруда
Енді "Жасыл елдің" жастары алдағы үш ай бойы қаланы көркейтіп, гүлдендіру жолында еңбек етеді. Жастарды жұмыспен қамту бойынша қаладағы «Семей орманы» табиғи резерватымен және «Зеленстрой» серіктестігімен келісімшарттар жасалған.
Жасақ мүшелері алдымен өртенген орман аумағын көгалдандыруды қолға алды. Содан кейін қаладағы демалыс саябақтарын абаттандырумен айналысады.
«Жасыл ел» бағдарламасы арқылы биыл қалада 18-29 жас аралығындағы 100-ден астам жұмыссыз жас жаз мезгілінде екі қолға бір күрек табады деп жоспарлануда. Алдымен аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан жастар қабылданған. Барлығымен еңбек келісімшарты жасалды. Енді үш ай бойы жас сарбаздар қоршаған ортаның көркеюіне септігін тигізеді.